Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы (бұдан әрі – Деректер Базасы) - диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оның ветеринариялық өңдеулері туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алу бөлігі; Дерекқор мыналарға арналған: 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің және оларды мемлекеттік есепке алудың бірыңғай қағидаттарын қамтамасыз ету; 2) ауыл шаруашылығы жануарларының республика ішінде және олардың экспорты мен импорты кезінде орын ауыстыруын бақылаудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру; 3) эпизоотияға қарсы, ветеринариялық, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың және диагностикалық зерттеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету; 4) мемлекеттік органдарды ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 5) ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпарат алу; 6) ветеринария саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі; 7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды қоса алғанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу. Деректер базасына қолжетімділікті оператор "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы Заң)сәйкес ұсынады: Деректер базасы электронды түрде жүргізіледі. Деректер базасын жүргізу дерекқорға рұқсатсыз кірудің алдын алуды қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.
Қаралым саны: 19