Ветеринарлық станция туралы

ТАРИХЫ

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2012 жылғы 26 сәуірде құрылған. Құрылған кезде штат 3 адамнан тұрды: директор, ветерианрлық дәрігері және бухгалтер. Кәсіпорынның орналасқан жері анықталған жоқ, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы жоқ.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 11-бабының 4-тармағы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығының негізінде әрекет етеді, дербес теңгерімінде оқшауланған мүлкі, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, мөрі мен мөртаңбалары, фирмалық атауы бар заңды тұлға құқықтарына ие және дербес шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады.

Кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі фирмалық атауы: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы "коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Орыс тілінде: государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Ветеринарная станция Кызылжарского района» коммунального государственного учреждения «Управление ветеринарии акимата Северо-Казахстанской области»

Кәсіпорынның заңды мекенжайы, 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Құрманғазы көшесі, 38Б.

Қазіргі уақытта штат толық жасақталған, әрбір ауылдық округте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті атрибуттармен, құралдармен, арнайы киіммен және арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілген және жабдықталған ветеринариялық дәрігерлер бар. 

Кәсіпорынның негізгі міндеттері мен қызметі

Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты Қызылжар ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық жұқпалы емес ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

- Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;

- ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, ұсыну;

- ветеринариялық анықтама беру;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;

- биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;

- ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

 

Мақаланы құрған күні 26.08.2019 14:47

Мақаланы жаңартқан күні 28.10.2024 17:13

coronavirusПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области