«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Қызылжар ауданы ветеринариялық станция» ШЖҚ МКК қызметінде» Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес, сондай-ақ "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" № 4 үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау жөніндегі Нұсқаулық негізінде "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы "КММ "Қызылжар ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК қызметінде, ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Талданатын кезең: 2025 жылғы 01 шілдеден 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін - 2026 жылғы 01 қаңтардан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін

Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылдың 10 қырқүйектен 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

Ішкі талдау кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілетін болады.

Қызығушылық тудыратын сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8-715-38-5-11-57 немесе WhatsApp: 8-777-313-12-64.

 

28.08.2026
Қаралым саны: 6
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области