«Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. Қағидалар 6-1-қосымшамен толықтырылды — ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) ветеринариялық паспорт беру кезінде — 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру кезінде — 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
3) ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беру кезінде — 30 (отыз) минут ішінде.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық/қағаз түрінде.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Ветеринариялық паспортты, ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Ветеринариялық паспорт қағаз нысанында беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық паспортты алу орны, күні және уақыты туралы ақпарат жіберіледі.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін.
7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушіде — 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі — Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақытынан тыс құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақытының кестесіне сәйкес белгілейді;
2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған: www. gov. kz.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Ветеринариялық ұйымға жүгінген кезде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталда:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының ветеринариялық паспорт алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық паспорт алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
20.01.2021
Қаралым саны: 1127
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области