Ветеринариялық станция қызметкерлері азаматтардың жиындарына белсенді қатысады. Халықпен кездесулер шеңберінде ветеринариялық мамандар ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде заңнаманың талаптарын, мал басын иммундаумен және диагностикалық зерттеулермен уақтылы және толық қамту қажеттілігін, ветеринариялық нормалар мен ережелерді орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын түсіндіреді.
Жануарлардың иелеріне torttulik мобильді қосымшасы туралы ақпарат беріледі, қосымшаны пайдаланушының артықшылықтары айқын көрінеді. Қосымшаны орнатуға және иелерін тіркеуге практикалық көмек көрсетеді.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңының ережелерін іске асыру шеңберінде иттер мен мысықтар иелерінің оларды "Tanba" жүйесінде есепке қою жөніндегі міндеттемелері, сондай-ақ осы жұмыс халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тегін негізде жүргізілетін жағдайлар түсіндіріледі.
Қаралым саны: 201