Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау

Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 17-23 ақпан аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы Айжан Сарсенбайқызы Нұрбаева «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізді.

Тексеру барысында кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өткізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымның даму тұжырымдамасын жақсарту, клиенттердің мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру және клиентпен өзара іс-қимыл процесін үздіксіз жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезіндегі клиентке бағдарлану және клиентті орталыққа қою мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары, «TortTulik» мобильді қосымшасында тіркелу және оны пайдалану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Бугров, Налобин, Лесной, Рощин, Светлопольский, Соколов және Якорь ауылдық округтерінің ветеринария мамандарымен және тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Түсіндіру жұмыстары ветеринариялық станцияға жүгінген жеке және заңды тұлғалар арасында да жүргізілді.

 

24.02.2026
Қаралым саны: 0
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области