Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Соколов, Куйбышев және Архангельск ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары полиция және ауылдық әкімдіктер өкілдерімен бірлесіп үй иттері мен мысықтарының иелерінің заңнама талаптарының орындалуын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Иелеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заңнамалық актілердің талаптары айтылды, оларды ұстау тәртібі, аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық өңдеуді есепке қою және жүргізу қажеттілігі түсіндірілді. Иттер мен мысықтарды ұстауға байланысты бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
22.09.2025
Қаралым саны: 57
Қаралым саны: 57