2026 жылғы 16 ақпанда "Қызылжар РТИ КВК және ҚР АШМ Н" ММ басшысы К. С. Казановтың қатысуымен "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарларын бөлу бойынша жұмыс кеңесі өтті. "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов бірқатар проблемалық мәселелерді қарастырып, оларды орындау үшін тапсырмалар берді. Күн тәртібінде 2026 жылғы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалуы, биологиялық материал сынамаларын уақтылы және сапалы іріктеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мүлтіксіз сақталуы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы мәселелер қаралды.
Қаралым саны: 37






