Баршаға белгілі, қазіргі таңда өміріміздің барлық саласына цифрландыру белсенді түрде еңгізілуде. Мал шаруашылығы саласы да цифрландырудан тыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда «Tort Tulik» мобильді қосымшасы әзірленіп, жұмыс істеп тұр.
«Tort Tulik» мобильді қосымшасында келесі мүмкіндіктер қарастырылған:
- Жануарлар тізімін көру. Жануар иесі мобильді қосымшаны ашу арқылы өз атына тіркелген мал басын көріп, оның нақты мал басына сәйкестігін тексере алады;
- Жануарларды онлайн сату немесе сатып алу. Қазақстан аумағында жануарларды онлайн форматта сатып алуға немесе сатуға болады;
- Жануарды жеке қажеттілік үшін сою себебімен есептен шығару. Ауыл шаруашылығы жануарын жеке тұтыну мақсатында сойған жағдайда, иесі үйден шықпай-ақ жануарды есептен шығару туралы өтініш бере алады;
- Ветеринариялық паспорт алу. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі мобильді қосымша арқылы жануардың ветеринариялық паспортын жүктеп алып, ветеринариялық пунктке бармай-ақ басып шығара алады;
- Жануарларды төлдеу және импорт оқиғалары бойынша тіркеу;
- Жануардың сырғасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда оны ауыстыру;
- Ауыл шаруашылығы жануары немесе оның иесі туралы мәліметтерді түзету. Мысалы, жануардың кастрациялануы, түрі, жеке нөмірі және басқа да мәліметтерді түзетуге болады.
Қосымша смартфонда онлайн режимде жұмыс істейді.
«Tort Tulik» мобильді қосымшасын смартфонға Play Market немесе App Store арқылы жүктеп алуға болады.
Қосымшаға тіркелу үшін:
- Қосымшаны мобильді телефонға жүктеп алу;
- Тіркелу: пайдаланушы түрін (жеке немесе заңды тұлға) таңдау;
- ЖСН еңгізу;
- Азаматтардың мобильді деректер базасында тіркелген телефон нөміріне келген растау кодын енгізу;
- Елді мекенді таңдау;
- Құпиясөз ойлап тауып, оны SMS арқылы келген кодпен қайта растау.

17.09.2026
Қаралым саны: 0
Қаралым саны: 0



