«Жануарларға жауапкершiлiкпен қарау туралы» Заң

«Жануарларға жауапкершiлiкпен қарау туралы» Заң

03.2022 ж. бастап "Жануарларға жауапкершiлiкпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне ендi.

Осы Заң жануарларды қорғау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Жануарларға қарау кезiнде адамгершiлiктi нығайту және қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтау, сондай-ақ Жануарларға қарау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында оларға қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Халықтың жануарларға адамгершiлiк және iзгiлiк көзқарасын тәрбиелеу, жануарларға қатыгездiкпен қарауға жол бермеу мақсатында халықты жануарларға жауапты қарау саласында ағарту және тәрбиелеу жүзеге асырылады.

Жануарларға жауапты қарау саласында халықты ағарту мен тәрбиелеудi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi атқарушы органдар, бiлiм беру және денсаулық сақтау ұйымдары, табиғат қорғау ұйымдары, Қоғамдық бiрлестiктер, өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар жануарларға жауапты қарау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы хабардар ету жолымен жүзеге асырады.

Жануарларға жауапкершiлiкпен қарауды реттеу принциптерi:

  1. жануарларға ауырсыну мен физикалық азапты сезiнуге қабiлеттi тiршiлiк иелерi ретiнде қарау;
  2. жануардың өмiрi, денсаулығы және саулығы үшiн иесiнiң жеке жауапкершiлiгi;
  3. жануарларды қатыгездiктен қорғау;
  4. халықтың жануарларға адамгершiлiк және iзгiлiк қатынасын тәрбиелеу болып табылады.

Заңмен сiлтеме бойынша таныса аласыз:

https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38058859&pos=364;-22#pos=364;-22

15.03.2022
Қаралым саны: 421
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области