Мамандықтар жәрмеңкесi

Мамандықтар жәрмеңкесi

2022 жылғы 13 мамырда ШЖҚ "Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы" МКК директоры Е.К. Багенов 8-9 сынып оқушылары үшiн ұйымдастырылған Петропавл қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебiнде "мамандықтар жәрмеңкесiне" қатысты.

Бұл iс-шараның негiзгi мақсаты оқушыларды кәсiптiк бағдарлау, жасөспiрiмдерде еңбекке оң көзқарасты қалыптастыру болды. Iс-шараға ұйымдардың өкiлдерi, мектеп оқушыларының ата-аналары, түрлi саладағы еңбеккерлер қатысты. Кездесу барысында облыс кәсiпорындарының өкiлдерi өз мамандықтары, оның артықшылықтары мен мүмкiндiктерi туралы айтып, мансаптық өсуге, жоғары жалақыға қатысты сұрақтарға жауап бердi.

Iс-шара соңында жәрмеңкеге белсендi қатысқан ата-аналарға мектеп директоры алғыс хаттар табыс еттi.

17.05.2022
Қаралым саны: 457
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области