ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк қазақстан облысы бойынша департаментiнiң бастамасымен мемлекеттiк органдарды мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту процесiне тарту мақсатында 2022 жылғы 24 ақпанда ветеринария басқармасының Фейсбук платформасында тiкелей эфирде ветеринария саласындағы "мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесi" онлайн өткiзiлдi.
Аталған iс-шараға: ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментiнiң бас маманы Булатов Ернат Жанатұлы, "Азаматтарға арналған үкiмет "мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО бойынша HR дамыту басқармасының бас HR менеджерi Жакин Ермек Серiкұлы, Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясының директоры Багенов Ербол Қабдырахманұлы, ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар бөлiмiнiң басшысы Тараканова Наталья Евгеньевна, ветеринария басқармасының бас маманы Даулетбаев Нуртуған Койлюбаевич қатысты.
Жәрмеңке өткiзу барысында "Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы" ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiнiң тұсаукесерiн өткiздi, 2021 жылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны мен сапасы туралы баяндама жасады.
Қаралым саны: 399