Эспертиза актісін беру

Құрметті Қызылжар ауданының тұрғындары, Сіздердің назарларыңызға Бескөл кентіндегі Калинин 57 мекен-жайындағы Қызылжар Республикалық ветеринариялық зертханасымен «ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін (Сынақ хаттамасын) беру» мемлекеттік қызметі көрсетілетінін жеткіземіз.

Осы мемлекеттік қызметті: Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық және аудандық филиалдары (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші); Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі — мемлекеттік орган); «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: Серологиялық зерттеулер бойынша: классикалық — бес жұмыс күні ішінде; иммуноферментті талдау (ИФТ) — жиырма жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай); вирусологиялық зерттеулер – жиырма бес жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты); молекулалық-генетикалық (ПТР) зерттеулер — жиырма жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай); бактериологиялық зерттеулер бойынша: микроскопия — екі жұмыс күні ішінде; биологиялық сынама — жетпіс жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты); паразитологиялық зерттеулер бойынша — үш жұмыс күні ішінде; тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша-бір жұмыс күні ішінде. Сынамаларды алу және оларды зертханаға зерттеуге жіберу – 5 жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсететін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не зертханалардың кассаларына қолма-қол нысанда төлейді.

Диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынама алуды мемлекеттік органның қызметкері тегін жүзеге асырады.

Жұмыс кестесі:көрсетілетін қызметті беруші — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі):

мемлекеттік органға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

порталда: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 — қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді мемлекеттік органның қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

Айжан Сақтарова Баязитқызы
Қызылжар РШЛ меңгерушісі
РВЛ «ШЖҚ РМК СҚОФ»
ҚР АШМ вбжқк

16.06.2020
Қаралым саны: 816
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области