Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесін жүргізу

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы (бұдан әрі – Деректер Базасы) - диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оның ветеринариялық өңдеулері туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алу бөлігі;

Дерекқор мыналарға арналған:

  1. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің және оларды мемлекеттік есепке алудың бірыңғай қағидаттарын қамтамасыз ету;
  2. ауыл шаруашылығы жануарларының республика ішінде және олардың экспорты мен импорты кезінде орын ауыстыруын бақылаудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру;
  3. эпизоотияға қарсы, ветеринариялық, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың және диагностикалық зерттеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету;
  4. мемлекеттік органдарды ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  5. ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпарат алу;
  6. ветеринария саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі;
  7. бақылау және қадағалау субъектісіне(объектісіне)бармайпрофилактикалықбақылаудықоса алғанда, мемлекеттікветеринариялық-санитариялықбақылаужәнеқадағалаужүргізу.

Деректербазасынақолжетімділіктіоператор "Ақпараттандырутуралы"ҚазақстанРеспубликасының Заңына (бұдан әрі – АқпараттандырутуралыЗаң)сәйкес ұсынады: Деректербазасыэлектрондытүрде жүргізіледі. Деректер базасын жүргізудерекқорғарұқсатсызкірудіңалдын алуды қамтамасыз ететін жағдайлардажүзеге асырылады.

13.05.2024
Қаралым саны: 293
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области