Үй жануарларын есепке алу

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын міндетті тіркеу күшіне енді. Үй жануарларын, сондай-ақ жануарларды ұстау орындарын есепке алу "Tanba" жануарларды есепке алудың ақпараттық сервисі арқылы жүргізіледі https://tanba.kezekte.kz/ru. тіркеу иелерінің өздері есебінен жүргізілетін болады, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бұл қызмет тегін.

2022 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстанда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң күшіне енді, ол жануарлармен жұмыс істеу қағидаларын және оларға адамгершілік қатынасты реттейді. Онда иелердің үй жануарларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі, оларды қатыгездіктен қорғау қарастырылған. Заң сонымен қатар иттердің өздігінен жүруіне тыйым салады.

Бұл заңға үй жануарларын ұстау ережелерін қамтитын заңға тәуелді актілер әзірленеді, олар: үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілік ережелері, үй жануарларын есепке алу ережелері, оларды тасымалдау, есепке алынуға жататын, тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған және иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін тізім.

Заң жобаларының бір бөлігі қаңғыбас жануарлар мәселесін, оның ішінде аулау, уақытша ұстау, өлтіру, вакцинациялау, зарарсыздандыру, баспаналардың қызметі және олардағы жануарларды есепке алу қағидаларын реттейтін болады.

Сондай-ақ, заңға сәйкес қаңғыбас жануарларды аулау практикасы тоқтатылды, олардың санын тек оларды зарарсыздандыру арқылы, бюджет қаражаты есебінен реттеу жоспарлануда. Иелік белгілері бар жануарларды зарарсыздандыруға тыйым салынады.

"Заң иттермен күресу, анестезиясыз ветеринарлық операцияларды жүргізу, жануарларды жазасыз өлтіру, жануарларды сарқылуға дейін жеткізу және оларға уақтылы көмек көрсетпеу, адамгершілікке жатпайтын аулау сияқты жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге сенімді тосқауыл болады"

11.04.2024
Қаралым саны: 51
coronavirusПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области