Сібір жарасы ошағын жою бойынша жаттығулар

2023 жылғы 26 қыркүйекте Ветеринариялық станция мамандары аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өткізетін сібір жарасы ошағын жою бойынша симуляциялық оқу-жаттығуларға қатысты. Оқу-жаттығу шеңберінде инфекция ошағының пайда болуы туралы хабарлау кезінде мүдделі қызметтер арасында жедел өзара іс-қимыл пысықталды, сібір жарасына күдік туындаған кезде жедел хабарлауды ұсыну тәртібі, биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу, оны орау және таңбалау әдістері, ілеспе құжаттаманы жасау практикада бекітілді. Сонымен қатар, ветеринарлық мамандар жануарларды клиникалық тексеру, мәжбүрлі вакцинациялау, сондай-ақ адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою дағдыларын көрсетті.

27.09.2023
Қаралым саны: 325
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области