2021 жылдың 15 желтоқсанында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ ұйымдастырған "Үздік ветеринарлық станция" байқауының қорытындысы бойынша біздің кәсіпорын бірінші орынға ие болды! Байқаудың негізгі мақсаты ветеринарлық сала мамандықтарының беделін арттыру, қатысушылардың жетістіктері мен озық тәжірибелерін насихаттау болып табылады. "Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы" ШЖҚ МКК барлық ұжымына ветеринарлық қызметтің игілігі үшін қосқан зор үлесі мен атқарған жұмысы үшін алғыс айтамыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Қызылжар ауданының ветеринарлық қызметін дамытуға қосқан зор үлесі және жоғары кәсіби жетістіктері үшін Қызылжар а/о ветеринарлық дәрігері Шахметов А. М. медальмен марапатталды.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы ветеринариялық станциялардың комплаенс қызметтері қызметкерлері арасында "Стоп коррупция" виртуалды эссе байқауының қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау және кадр жұмысы бойынша маман А.В. Юргель бірінші орынға ие болды және кәсіпорын мамандарының балалары арасында "Стоп коррупция" суреттер конкурсының қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Қаралым саны: 484