2022 жылғы 28 ақпанда Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары О.Ә. Болыспаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өткізілді.
Семинар жұмысына бөлім басшылары, облыстық ветеринария басқармасынан бекітілген мамандары, ветеринариялық станция директорлары, комплаенс-қызмет мамандары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандар қатысты.
2022 жылғы 2 ақпанда ҚР Президентінің № 802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маман заңгері А.С. Әшімов өз баяндамасында айтып өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің бас маманы А.Ә. Әбішев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің 2021 жылғы ішкі бақылау бойынша жүргізілген талдау туралы ақпаратын мәлімдеді.
Кейбір ветеринариялық станциялардың директорлары жоғарыда аталған мәселелер бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылға арналған жоспарлар туралы есеп берді.
Қаралым саны: 442