Президент жолдауы бойынша кеңес

Президент жолдауы бойынша кеңес

2021 жылғы 16 қыркүйекте "Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы" ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов Қазақстан Республикасының Президентi Қ.К. Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы халыққа жолдауы, "халық бiрлiгi және жүйелi реформалар — елдiң өркендеуiнiң берiк негiзi"бойынша кеңес өткiздi.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының денсаулығы мен өнiмдiлiгi жергiлiктi жерлердегi мал дәрiгерлiгi мамандарының тиiмдi жұмысына байланысты екенiн атап өттi. Ал бұл өз кезегiнде ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тiкелей әсер етедi.

Кеңес қорытындысы бойынша ауылдық округтердiң ветеринариялық мамандарына жануарлардың аса қауiптi ауруларының пайда болуына жол бермеу, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерiн толық қамти отырып, халыққа сапалы ветеринариялық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жөнiнде тапсырмалар берiлдi.

16.09.2021
Қаралым саны: 562
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области