Кеңес

Кеңес

2022 жылғы 18 ақпанда Қызылжар ауданының әкiмi Ж.Ғ. Сәдуақасовтың төрағалығымен, "Солтүстiк Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" КММ басшысы Б.А. Әлжановтың, "ҚР АШМ ВКП және ҒК Қызылжар ААИ" ММ басшысы М.Д. Әбiлевтiң, Қызылжар ауданының прокуроры К.Е. Ермекбайдың, сондай-ақ ауылдық округ әкiмдерiнiң, ауыл шаруашылығы құралымдарының басшылары мен Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы мамандарының қатысуымен 2021 жылдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өткiзiлдi.

"Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы" ШЖҚ МКК директорының орынбасары С.А. Калякин 2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылға арналған мiндеттер туралы, есептi кезеңде Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясы жұмысының нәтижелерi туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, "Солтүстiк Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" КММ басшысы Б.А. Әлжанов келесi мәселелердi қарастырды:

  1. Прокуратура органдарының ветеринария саласындағы анықталған заң бұзушылықтарды қарауы.
  2. Ветеринария мәселелерi бойынша ауылдық округ әкiмдерiнiң ауданның заң және басқа да қызметтерiмен өзара iс-қимылы.
  3. Кейiннен жұмысқа орналастыра отырып, "Ветеринария" мамандығына түсу үшiн мектеп оқу орындарының түлектерiмен үгiт жұмыстарын жүргiзу.

Баяндама соңында қатысушыларға Президенттiң 2021 жылғы 1 қыркүйектегi жергiлiктi жерлердегi ветеринарлардың тиiмдi жұмысына малдың денсаулығы мен өнiмдiлiгi байланысты. Ал бұл өз кезегiнде ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тiкелей әсер етедi.

Бiрiншi кезекте — бұл тәуекелдердiң алдын алуға және оларға қарсы тұруға, инновациялар енгiзуге қабiлеттi жоғары бiлiктi кадрларды, өз iсiнiң кәсiпқойларын, ветеринариядағы креативтi менеджерлердi тарту және даярлау.

Екiншiден, жалақыны көтеру, көтерме төлемдердi төлеу, жұмыс үшiн жағдай жасау, тұрғын үймен және өркениеттiң басқа да артықшылықтарымен қамтамасыз ету арқылы мамандықтың беделiн көтеру.

Үшiншiден, мал шаруашылығы кешендерi мен фермаларында цифрландырылған процестердi енгiзе отырып, зоотехникалық және Санитариялық нормалар қатаң сақталуға тиiс. Бұл ауыл шаруашылығының эпизоотиялық салауаттылығын сақтаудың маңызды құрамдас бөлiгi.

18.02.2022
Қаралым саны: 413
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области