Кеңес

2021 жылғы 26 қарашада Қызылжар ауданының әкiмi Ж.Г. Садвакасовтың төрағалығымен ZOOM бейне байланысы арқылы ауылдық округтердiң әкiмдерiмен, ветеринарлық мамандармен және iрi ауыл шаруашылығы құрылымдарының ЖШС басшыларымен жұмыс кеңесi өттi.

Аталған кеңесте "Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы" ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов кәсiпорынның жылдық қызметiнiң, ветеринарлық-профилактикалық iс-шаралар мен а/ш жануарларының басын зерттеу жоспарының қорытындысын шығарды, барлық қатысушыларға а/ш жануарларының барлық түрлерiн толық қамти отырып, жануарлардың аса қауiптi ауруларының пайда болуына жол бермеу, халыққа сапалы ветеринарлық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда түсiндiрме ақпарат берiлдi.

29.11.2021
Қаралым саны: 517
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области