Құрметті Қызылжар ауданының тұрғындары, ауданның ветеринариялық-санитариялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласындағы заңнаманы сақтауды ұсынамыз.
Ал:
ҚР "Ветеринария туралы" Заңы.
25 бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері.
Жеке және заңды тұлғалар:
5) тармақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
6) Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына ветеринария саласындағы:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылуы және сатылуы;
Жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті;
12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оларға жәрдем көрсету;
Қаралым саны: 498