2024 жылғы 22 қарашада «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК күзгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын аяқтау бойынша жұмыс кеңесі өтті. «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов бірқатар проблемалық мәселелерді қарастырып, оларды орындау үшін тапсырмалар берді. Күн тәртібінде 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарын аяқтау, биологиялық материал сынамаларын уақтылы және сапалы іріктеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы мәселелер қаралды.
22.11.2024
Қаралым саны: 29
Қаралым саны: 29