2024 жылғы 6 қыркүйекте "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК күзгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов бірқатар проблемалық мәселелерді қарастырып, оларды орындау үшін тапсырмалар берді. Күн тәртібінде 2024 жылдың екінші жартыжылдығындағы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалуы, биологиялық материал сынамаларын уақтылы және сапалы іріктеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мүлтіксіз сақталуы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы мәселелер қаралды.
Қаралым саны: 85