Жұмыс кеңесі

2024 жылғы 29 ақпанда "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын орындауды бастау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов бірқатар проблемалық мәселелерді қарастырып, оларды орындау үшін тапсырмалар берді. Күн тәртібінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарын орындау, биологиялық материал сынамаларын уақтылы және сапалы іріктеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау туралы мәселелер қаралды.

29.02.2024
Қаралым саны: 248
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области