Жұмыс кеңесі

2023 жылғы 6 маусымда "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын аяқтау бойынша жұмыс кеңесі өтті. "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов бірқатар проблемалық мәселелерді қарастырып, оларды орындау үшін тапсырмалар берді. Күн тәртібінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарын орындау, биологиялық материал сынамаларын уақтылы және сапалы іріктеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау туралы мәселелер қаралды. Ветеринариялық анықтама беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері қаралды.

06.06.2023
Қаралым саны: 315
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области