Жұмыс кеңесі

2022 жылғы 27 қазанда Солтүстік Қазақстан облыстық инспекциясының азық-түлік өнімдері және орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің басшысы З. А. Жомартованың қатысуымен ауылдық округ мамандарымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Күн тәртібінде 2022 жылғы 10 айдағы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалуы, биологиялық материал сынамаларын уақтылы және сапалы іріктеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мүлтіксіз сақталуы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы мәселелер қаралды.

Ветеринариялық анықтама беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері қаралды. Ветеринариялық анықтамаларды электронды түрде беру тәжірибесіне енгізу талқыланды.

Жұмыс кеңесі

27.10.2022
Қаралым саны: 323
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области