Жұмыс кеңесі

2022 жылдың 2 қыркүйегінде "Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы" ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов ауылдық округтердің ветеринарлық мамандарымен жұмыс кеңесін өткізді.

Күн тәртібінде 2022 жылдың тамыз айындағы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәселелер және кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша талдамалық анықтаманы талқылау қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық мамандарға биологиялық материал сынамаларын уақтылы және сапалы іріктеуді, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету, кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау туралы тапсырмалар берілді.

Жұмыс кеңесі

02.09.2022
Қаралым саны: 443
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области