Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

"Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК ветеринариялық мамандары тұрақты негізде үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық брошюралар тарата отырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өткізілген кездесулер шеңберінде жануарларды және іс жүзінде бар малды вакцинациялау жөніндегі мәліметтердің сәйкестігі тексерілді. Иелеріне аурулардың алдын алу шаралары түсіндірілді, аса қауіпті аурулардың пайда болуының алдын алу бойынша жадынамалар мен брошюралар табыс етілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

21.02.2025
Қаралым саны: 103
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области