Сыбайлас жемқорлық үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады. Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық мүдделілікті төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің еліміз үшін негізгі басымдық болып табылады. Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түбегейлі жаңа моделін іске асыруда. Процесс «Қазақстан — 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады, ол сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды,
Халықты сапалы тамақ өнімдерімен жабдықтау, тиісті ветеринариялық-санитариялық қадағалау арқылы елдің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету-ветеринариялық қызметтің басым міндеттерінің бірі және осы мақсаттарға жыл сайын бюджеттен миллиардтаған теңге бөлінеді.
Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Мемлекет басшысы біздің барлығымызда бір қамқорлық — Қазақстан халқының әл — ауқаты және бір мақсат-Отанымыздың гүлденуі екенін әрдайым атап көрсетеді. Бүгінде халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылықтың арқасында экономика өркендеп, тиісінше азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда.
Қаралым саны: 474