Ветеринариялық мамандар құс тұмауының алдын алу мәселелері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өткізілетін кездесулер шеңберінде құс пен құс шаруашылығы өнімдерін сатып алу, тасымалдау, күтіп — ұстау және өткізу, үй құстарын вакцинациялау кезінде белгіленген ветеринариялық нормалар мен ережелерді сақтау, сондай-ақ ветеринариялық заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша негізгі талаптар мен ұсынымдар жеткізіледі. Иелеріне құс тұмауының пайда болуына жол бермеу бойынша негізгі ұсынымдар тізбесі бар брошюралар ұсынылады.
26.01.2024
Қаралым саны: 282
Қаралым саны: 282