Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау кезіндегі жауапкершілік

ҚР Ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын өсімін молайтумен, өсірумен, өсірумен, күтіп — бағумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар мыналарды қамтамасыз етуге міндетті: — ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы сәйкестендіру;

  • ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жануарларды уақтылы вакцинациялау және диагностикалау;
  • жануарлардың иелері жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған ұрпақ, сою, өткізу, өлім жағдайлары, ауру немесе олардың ерекше мінез-құлқы туралы ветеринариялық қызметке уақтылы хабарлауға тиіс;
  • бірнеше жануардың ауруына, өліміне, бір мезгілде ауырып қалуына күдік болған кезде немесе олардың ерекше мінез-құлқы туралы және ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстауға шаралар қабылдау;
  • ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәрдемдесу;
  • жануарлардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес олардың денсаулығына, әл-ауқатына және пайдаланылуына қамқорлық жасау;
  • айналадағыадамдарменжануарлардың,сондай-ақ мүліктіңжануарларғазиянкелтіруденқауіпсіздігі.Жануарменкөлікжолдарыныңжанынанөтукезіндежәнеолардың жүріс-тұрысынтікелейбақылаужолыменөту кезінде жолжүрісініңқауіпсіздігінқамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығыжануарларынбақылаусызжаю тек жануарүшінғанаемес, адамүшін де өмірге қауіп төндіреді. Ауыл шаруашылығыжануарларыныңқатысуыменжол-көлікоқиғаларыбірнеше рет тіркеледі, бұл жануарлардыңжарақаттануынанемесеөлімінеәкелуімүмкін.

Сондықтан, адамдардың сүйемелдеуінсіз мал қараусыз қалады және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау орындарына айдалады. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

18.07.2024
Қаралым саны: 218
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области