Қызылжар ветеринариялық станциясының ветеринариялық мамандары ауылдық округ әкімдері өткізетін халықпен есептік кездесулерге белсенді қатысады. Жануарлар иелері жануарларды есепке алуға және жылжытуға, эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге, ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты мәселелерді көтереді. Ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық заңнаманың талаптарын түсіндіреді, қойылған сұрақтарға жауап береді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде ветеринариялық іс-шараларды жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша жергілікті қоғамдастық өкілдерінің қарауына ұсыныстар енгізеді. Халықпен мұндай кездесулер ветеринариялық мамандар мен халық арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді, бұл ауданның ветеринариялық қауіпсіздігінің нәтижелеріне оң әсер етеді.
Қаралым саны: 374