Құрметті Қызылжар ауданының тұрғындары! Сіздердің назарларыңызға ветеринариялық дәрігерлер жоспарлы күзгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды және ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын зерттеуді бастағанын жеткіземіз.
Жануарларды жыл сайын бруцеллезге, туберкулезге, сібір жарасына, құтыруға, нодулярлық дерматитке және басқа да ауруларға қарсы вакцинациялау оларды ұстау кезінде міндетті шарт болып табылады.
Ауданның эпизоотиялық әл-ауқаты, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық өңдеуді уақтылы жүргізуге байланысты.
Барлық тұрғындардан малдарды ветеринарлық өңдеу үшін ұсынуды сұраймыз.
"ҚР Ветеринария туралы" Заңының 25 бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малдарды ветеринарлық өңдеу үшін беруден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Аталған іс-шаралар тегін негізде өткізіледі.
Қаралым саны: 575