Қоғамдық кеңес

Новониколь ауылдық округінде өткен көшпелі отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясының директоры Е.К. Багеновтың Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша баяндамасын тыңдады. Халықтың мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға қолжетімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды, ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау бойынша есепті деректер қаралды. Қоғамдық кеңес өкілдерін мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде халықпен өзара іс-қимыл кезінде туындайтын проблемалық мәселелер, жауапты мамандардың біліктілік деңгейін арттыру мәселелері, ведомстволық ақпараттық жүйелердің жай-күйі мен жұмыс істеуі қызықтырды. Барлық қойылған сұрақтарға Ветеринариялық станция директоры толық жауап берді.

Көшпелі кеңестің қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берді.

 

25.08.2023
Қаралым саны: 206
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области