16.09.2022 жылы ветеринарлық станциялардың құрылғанына 10 жыл толуына орай облыс әкімдігінде СҚО ветеринарлық станцияларының ветеринарлық мамандарын марапаттау рәсімі өтті.
Жиналғандар алдында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.и. Тасмағанбетов сөз сөйлеп, ветеринария мамандарының өз кәсібінің кәсібилігі мен адалдығын атап өтті.
Ветеринарлық станция қызметкерлерін "Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ басшысы Б.Әлжанов құттықтап, барлығына мықты денсаулық, отбасына амандық және осындай қиын жауапты жұмыста табыс тіледі.
Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясының қызметкерлерін марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті:
Е. к. Багенов, А. Ж. Ешманов – III - дәрежелі "Еңбек даңқы" кәсіподақ медалімен;
Пономарев с. Г. - ҚР АШМ құрмет грамотасымен
Раскостов С. А. - СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен
Қаралым саны: 412