Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Негізгі Заң апталығы» аясында облыстың ветеринария мамандары арасында Үздік эссе байқауы, сондай–ақ станция ветеринария мамандарының балалары арасында суреттер конкурсы өтті.
Осы байқаудың қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының «Ветеринариялық станция» ШЖҚ МКК ветеринарлық дәрігері Сатимирова А.Ж. үздік эссе үшін 1-ші орынды иеленді, сондай-ақ суреттер конкурсының арасында Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясының бухгалтері Ахметова А. Н. жүлделі орындарға ие болды.
Біздің мамандар мен олардың балаларының белсенді қатысқаны үшін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ басшысы Б.А. Әлжановтың атынан алғыс жарияланып, балаларға құрмет грамоталары мен сыйлықтар табыс етілді.
Қаралым саны: 732