Құрметтi Қызылжар ауданының тұрғындары, ШЖҚ "Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы" МКК, кәсiпорынмен "ветеринариялық анықтама беру" және "ветеринариялық паспорт беру" екi мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiнi туралы хабарлайды.
Өтiнiштердi қабылдау және Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру Бескөл кентi, Комаров көшесi 2 а мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтер Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн тегiн көрсетiледi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады. Өтiнiштi қабылдауды және Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн берудi жұмыс уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс көрсетiлетiн қызметтi берушi жұмыс уақытының кестесiне сәйкес белгiлейдi.
Мемлекеттiк қызметтер алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi)жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
- осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;;
- жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн).
- бес килограмнан астам балықты және басқа су жануарларын (тiрi, жас, тоңазытылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) тасымалдау кезiнде-балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың көшiрмесi;
"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап өтiнiш берген күн iшiнде. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — ветеринариялық анықтама немесе Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап. Берiлген ветеринариялық анықтамалар туралы мәлiметтер ақпараттық жүйеге енгiзiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
"Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету мерзiмi — 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде, ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру кезiнде — 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде, ветеринариялық паспорттан үзiндi беру кезiнде — 30 (отыз) минут iшiнде.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — ветеринариялық паспортты, ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, ветеринариялық паспорттан үзiндi беру немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден дәлелдi бас тарту.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.
Қаралым саны: 564