Құрметті Қызылжар ауданының тұрғындары, «Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін ұсынатынымыз туралы хабарлайды, ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Бескөл кенті, Комаров көшесі 2 а мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі — ветеринариялық анықтама немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі):
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;
- жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
- бес килограмнан астам балықты және басқа су жануарларын (тірі, жас, тоңазытылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) тасымалдау кезінде-балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың көшірмесі;
Қаралым саны: 578