Ауыл шаруашылығы және үй жануарларын эвакуациялау

Қызылжар ауданының ветеринариялық қызметі су тасқыны басталған кезде су басуға бейім елді мекендерде ауыл шаруашылығы және үй жануарларын эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Өткен су тасқыны кезеңінде мал иелерімен бірге 1239 бас ірі қара мал, 1537 бас ұсақ мал, 325 бас жылқы, 147 бас шошқа қауіпсіз жерлерге көшірілді. Сонымен қатар, аса қауіпті аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын сібір жарасына және басқа да ауруларға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Су тасқынына қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шараларға 18 ветеринарлық маман және 15 бірлік автокөлік пен арнайы техника жұмылдырылды.


 

18.04.2024
Қаралым саны: 46
coronavirusПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области