Астана күні

Құрметті Қызылжар ауданының тұрғындары сіздерді мемлекеттік мереке Астана күнімен құттықтаймыз! Елорда күні тек Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де айтулы күн болып табылады. Бұл мереке маңызды қоғамдық-саяси мәнге ие және шын мәнінде жалпыхалықтық болып табылады. Астана-Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, мемлекетіміздің қарқынды өсуінің символы, ол өзінің қалыптасу жылдарында ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім беру орталығына айналды. Біздің еліміз дамуға, ілгерілеуге және жасампаздыққа қуатты серпін алды. Осы мереке күні баршаңызға шын жүректен жақсылық, бейбітшілік және Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз! Біздің елордамыз гүлденіп, одан да әдемі болып, әр отбасының өмірі қуанышқа, өркендеуге және ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын!

 

04.07.2025
Қаралым саны: 22
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области