13 шілде Қазақстан Республикасында коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Осыған байланысты «Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК-да кәсіпорын әкімшілігінің мамандары қатысқан аза тұту минуты өткізілді.
Бүкіл ел бойынша ойын — сауық іс-шаралары тоқтатылды, радио және телеарналар ойын-сауық бағдарламалары мен жарнамаларды таратуды тоқтатты. Қазақстанның көптеген БАҚ қайғылы жағдайға байланысты қара-ақ форматқа көшті.
Түн ортасында Қазақстанның барлық қалаларында мемлекеттік тулар түсірілді.
16.07.2020
Қаралым саны: 522
Қаралым саны: 522