Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Қызметінің негізгі мақсаты Қызылжар ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық жұқпалы емес ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
- Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
- ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, ұсыну;
- ветеринариялық анықтама беру;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
- биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
- ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
04.02.2021
Қаралым саны: 776
Қаралым саны: 776