Мектеп түлектерімен үгіт-әдістемелік жұмыс

Кәсіптердің, мамандықтардың жаңа әлеміне табысты кіру және онда қалаған мақсатты ілгерілету үшін жастар қоғамның білікті кадрларға сандық және сапалық қажеттілігін көрсететін бағдарларды білуі тиіс. Мектептегі оқушылармен дұрыс жүргізілген кәсіптік бағдарлау жұмысы оларға болашақ өмір жолын таңдауға көмектеседі.

2021 жылғы 12 сәуірде «Қызылжар ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК директоры Е.К. Багенов Солтүстік қазақстан облысы Қызылжар ауданы мектептерінің 11-сынып түлектерімен үгіт-әдістемелік жұмыс жүргізді. Бұл іс-шараның мақсаты-түлектерді ветеринария мамандығымен таныстыру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға ықпал ету.

Осы іс-шараларды өткізу танымдық қызметті жандандырады, ауыл шаруашылығы еңбегіне, таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, өзінің күші мен қабілетіне сенімділік ұялатады.

12.04.2021
Қаралым саны: 645
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области